Қазақстанмен ынтымақтастықты арттыру Бельгия үшін өте маңызды - Пол Ван Ден Дриш - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанмен ынтымақтастықты арттыру Бельгия үшін өте маңызды - Пол Ван Ден Дриш

03.09.2015
Қазақстанмен ынтымақтастықты арттыру Бельгия үшін өте маңызды - Пол Ван Ден Дриш

Қазақстан өз аумағында аз байытылған уран банкін құру арқылы әлемдік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге өлшеусіз үлес қосады.

Еуропаның саясаткерлері Бельгиядағы Қазақстан Елшілігі ұйымдастырған қабылдау кезінде осылай деді.

Басқосуға жиналғандар Нұрсұлтан Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын, «Нұрлы жол» бағдарламасын талқылап,  Қазақстанның жаһандық бастамаларына жоғары баға берді.

«Саяси ахуалы тұрақты Қазақстанмен ынтымақтастықты арттыру - Бельгия мен Батыс Еуропа елдері үшін өте маңызды», дейді Бельгия Сенатының депутаты Пол Ван Ден Дриш.

 

Нұрсұлу ҚАСЫМ

Хабарламаларға жазылу