Шетелдік сарапшылар Қазақстанды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шетелдік сарапшылар Қазақстанды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады

16.12.2014
Шетелдік сарапшылар Қазақстанды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады

Бүгінде еліміздің саяси-экономикалық бағыттағы жетістіктері әлемнің көптеген елдеріне үлгі болып отыр.

«Мен Қазақстанда, Астанада биыл бірінші рет болдым. Жас мемлекеттің аз уақыт ішінде осындай биікке көтерілгеніне тәнтіміз.

Бельгия Қазақстанмен барлық салада ынтымақтастықты арттыруға мүдделі. Әсіресе, сіздердің елдеріңздегі 100-ден астам ұлт пен ұлыстың тату-тәтті өмір сүруінің сырын ұққымыз келеді», - дейді Бельгия Сыртқы істер министрлігінің өкілі Оливер Даненберг.

 

Нұрсұлу ҚАСЫМ

Хабарламаларға жазылу