Толеранттылық - Қазақстандағы тұрақтылық пен дамудың басты кепілі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Толеранттылық - Қазақстандағы тұрақтылық пен дамудың басты кепілі

18.04.2014
Толеранттылық - Қазақстандағы тұрақтылық пен дамудың басты кепілі
«Ұлтаралық татулық пен толеранттылық - Қазақстандағы тұрақтылық пен дамудың басты кепілі». Бельгия парламентінің сенаторы Пол Вилли  осындай пікірін білдірді. Брюссельде Ұлттық арна тілшілерімен кездескен депутаттың айтуынша, Қазақстан халқы Ассамблеясын құру -  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұтымды шешімдерінің бірі.
 
«Ұлт пен ұлысты ұйыстырып отырған институтты бүгінде шетелдік мәртебелі ұйымдардың барлығы мойындайды. Енді құрылым қоғамдағы тұрақтылық пен келісімнің іргетасын нығайтуға одан әрі күш салуы тиіс», дейді саясаткер.
 
Пол Вилли, Бельгия парламентінің сенаторы, Еуропа кеңесінің құрметті мүшесі:
Мынадай алмағайып заманда елдегі тұрақтылық - басты байлық. Қазақстан халқы осы құндылықты жоғары бағалауы тиіс. Шынын айту керек, Еуропа елдері де бүгінде Қазақстанмен санасады. Ел басшысының ұсыныстарына құлақ түреді. Қазақ елінің әлемдік аренада мәртебесінің биік болуы, қарқынды дамуы - ең алдымен елдегі бейбітшіліктің арқасында қол жеткізілген жетістіктер. Яғни, Қазақстан өзара келісім мен халықтар бірлігінің нәтижесінде биік белеске көтерілуге болатынын әлемге дәлелдеді.
 
Нұрсұлу ҚАСЫМ

Хабарламаларға жазылу