Қазақстандық делегация ЕҚЫҰ күзгі отырысына қатысуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық делегация ЕҚЫҰ күзгі отырысына қатысуда

03.10.2014
Қазақстандық делегация ЕҚЫҰ күзгі отырысына қатысуда

Женевада Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы Парламенттік Ассамблеясының күзгі отырысы ашылды. Басқосуға Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған қазақстандық делегация да қатысып жатыр.

Осымен 13-ші рет ұйымдастырылып отырған жиынға әлемнің 56 елінен барған депутаттар «Қауіпсіздіктің жаңа қатерлері; парламенттердің рөлі» тақырыбын талқылауда. Сондай-ақ, делегаттар әскери-саяси, экономика мен түрлі экологиялық проблеманы шешудің жолдарын сарапқа салатын болады. 

Нұрсұлу ҚАСЫМ

Хабарламаларға жазылу