Лондонда Бүкіләлемдік білім форумы өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Лондонда Бүкіләлемдік білім форумы өтіп жатыр

25.05.2022

115 елдің білім министрлері мен сала басшыларының басын қосқан алқалы жиынға қазақстандық делегация да қатысуда. Олар пандемиядан кейін оқушылардың сауаттын жетілдіру жолдарын талқылап жатыр. Денсаулық саласындағы дағдарыс білім беру жүйесіндегі күрмеулі мәселелердің бетін ашты. Кең жолақты интернет пен онлайн оқыту үшін қажет техниканың жоқтығы, цифрлық форматта сабақ өткізуге мұғалімдердің дайын еместігі саланы тығырыққа тіреді дейді мамандар. Бұдан бөлек төрт күн бойы білім берудің қолжетімділігін, сапасын және инклюзивтілігін арттыру бойынша саладағы жаңа тенденциялар талқыға түспек.

Марина Бекенова

Хабарламаларға жазылу