Қазақстан делегациясы МАГАТЭ Бас конференциясы 58-ші Сессиясының жұмысына қатысуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан делегациясы МАГАТЭ Бас конференциясы 58-ші Сессиясының жұмысына қатысуда

25.09.2014
Қазақстан делегациясы МАГАТЭ Бас конференциясы 58-ші Сессиясының жұмысына қатысуда

22-26 қыркүйегі аралығында өтетін Вена қаласында Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік Бас конференциясының 58-ші сессиясы жұмыстарына қазақстандық  делегация қатысуда. Делегацияны Энергетика министрі Владимир Школьник бастап барды.

Бас конференцияның негізгі назарында ядролық энергетиканың келешекте дамуына, ядролық және радиациялық қауіпсіздік саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға, ядролық энергияны, ядролық технологияларды бейбіт мақсатта қолдануға және жұмсауға, техникалық ынтымақтастыққа, кепілдіктердің ықпалдылығы мен тиімділігіне қатысты мәселелер болады, деп хабарлайды strategy2050.kz.

Қазақстандық делегация басшысының мәлімдемесінде еліміздің қарусыздану және ядролық қаруды таратпау жолындағы жетістіктері, ҚР мен АЭХА арасындағы ядролық энергияны бейбіт мақсатта қолдану аясындағы тиімді ынтымақтастығы қамтылған. Іс-шараға қатысушылар ұлттық ядролық - энергетика бағдарламасын дамыту және ҚР алғашқы АЭС құрылысы туралы жоспарлар жөнінде ақпараттандырылды. АЭХА-ға мүше мемлекеттердің назары Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық таратпау саласындағы және «АТОМ» жобасы бойынша бастамаларына назар  аударылды.

Айта кетейік, Бас конференцияның өтуі кезеңінде БҰҰ Венадағы бөлімшесінде Ұлттық ядролық орталықтың көрмесі ұйымдастырылды.

Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік 1957 жылы құрылған. 1994 жылғы 14 ақпанда Қазақстан Республикасы АЭХА-ның 121-ші мүше мемлекеті болып тіркелді.

Хабарламаларға жазылу