ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының күзгі отырысы қорытындыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының күзгі отырысы қорытындыланды

06.10.2014
ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының күзгі отырысы қорытындыланды

«Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының әлеуетін арттыру керек». Ұйымның Женевада өткен Парламенттік ассамблеясының күзгі отырысын қорытындылаған депутаттар осындай ортақ пікірге келді. Өйткені, Украинадағы жағдайды анықтау үшін 100-ден астам бақылаушы жіберуге ұйымның жағдайы көтермейді. Жиында сөз алған Парламенттік Ассамблея Бас хатшысының айтуынша, «бұл шараға 30 миллион еуро қажет». Биылғы бюджетте қарастырылмаған қаржыны табу үшін келесі жылдан бастап, ұйымға мүше елдердің жарнасын көтеру жоспарланып отыр. Жалпы, үш күнге созылған сессия барысында Украина тақырыбы қызу талқыланды. Қазақ елі мен Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл мәселеге қатысты ұстанымын Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев баяндады. Қазақстан Президентінің Минскідегі кездесуде тараптарды ортақ мәмілеге келуге шақыруы Еуропалық депутаттар тарапынан жоғары бағаға ие болды.

Нұрсұлу ҚАСЫМ

 

 

Хабарламаларға жазылу