Каспий жағалауы елдерінің министрлері бас қосты

Мәскеу қаласында Каспий жағалауы елдері сыртқы істер министрлерінің конференциясы өтті. Жиынға Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан, Иран және Түркіменстан мемлекеттерінің сыртқы саяси мекеме басшылары қатысты.
Тараптар басқосу кезінде, биыл күзде Президенттердің қатысуымен Астрахань қаласында өтетін IV Каспий саммитіне дайындық барысын пысықтады. Сонымен қатар, осыдан 4 жыл бұрын, Бакуде өткен саммитте жүктелген міндеттердің қаншалықты орындалғаны талқыланды.
Министрлер мән берген негізгі мәселелер - Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін анықтау, ортақ қауіп-қатерге қарсы тұру, қоршаған ортаны қорғау мен Каспийдің су және биоресурстарын тиімді пайдалануға қатысты.
Сергей Лавров, РФ Сыртқы істер министрі:
Каспийдің құқықтық мәртебесі жөніндегі конвенцияның негізі болатын, өзара іс-әрекеттің басты принциптері бойынша ортақ тоқтамға келдік. Бұл құжатты қыркүйек айында мемлекет басшыларының назарына ұсынамыз. Алайда біз көптеген мәселелерді келіскенімізбен, саммитке дейін конвенцияның толық мәтінін әзірлеп үлгереміз, деп айта алмаймын. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.
Нұртас СОЛТАНҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ӘЧ: 2 боксшымыз финалда
13.09.2025, 17:41

Елордада Қызылорда өңірінің ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ашылды
13.09.2025, 15:39
«Biken 3» халықаралық театр фестивалі басталды
13.09.2025, 15:33
Мерейлі отбасы – мемлекет тірегі
13.09.2025, 15:31
Астанада ұлттық құндылықтар ұлықталды
13.09.2025, 15:29
Шымкентте жасанды интеллектіге жол ашқан жаһандық форум өтті
13.09.2025, 15:27
Ақтауда үкіметтік емес ұйым өкілдерінің форумы өтіп жатыр
13.09.2025, 15:26
Жамбыл облысында ветеринариялық нысандардың тең жартысы талапқа сай емес
13.09.2025, 15:24