Кедендік одақ аясындағы экономикалық мәселелер талқыланды
Еуразиялық экономикалық интеграция жаңа әлемдік экономикалық кеңістікке жол ашады. Ол үшін өндіріске енетін жаңа трендтердің құқықтық аспектілерін жан-жақты зерттеп, зерделеу керек.
Бұл тұста халықаралық құқық саласындағы заңгерлерге зор жауапкершілік жүктеледі. Астанада бас қосқан шетел сарапшылары осылай, деп отыр.
Мамандардың айтуынша, кеңістік аясындағы кез келген келісім азаматтардың әлеуметтік тұрмысын жақсартумен қатар, жаңа стандарттарға көшуге жол ашады.
«Сондықтан, құқықтық жағынан салмақты тақырыптарды бүге-шігесіне дейін зерттеу кезек күттірмейді», дейді ғалымдар.
Артур Козловски, заң ғылымдарының PhD докторы (Польша):
Біз бұл мәселелерді Еуроодақ сынды халықаралық экономикалық ұйымдар тәжірибесіне сүйене отырып зерттегенді жөн көріп отырмыз. Алайда, интеграциялық қатынас аймақтың экономикалық әлеуетін күшейтетінін ұмытпағанымыз жөн. Ал, бұл қатынастардың нормативтік-құқықтық базасын жасау енді ғалымдар мен сарапшылардың еншісінде. Осы жағы әлі де тыңғылықты зерттелу керек.
Құрманәлі ҚАЛМАХАН
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбелік жастар ойын алаңын қалыпқа келтірді
12.05.2026, 13:27
«Ясауитану» пәні үйірме ретінде енгізіледі
12.05.2026, 13:24
Қазақстан мен Ресейдің экономикалық байланысы нығая береді
12.05.2026, 13:21
Мұнай біртіндеп қымбаттай бастады
12.05.2026, 13:18
Пәкістандағы жарылыстан 7 адам қаза тапты
12.05.2026, 13:15
«Бекіре-2026»: 6 тонна балық тәркіленді
12.05.2026, 13:12
Есірткі өндірген ағайынды Арыста ұсталды
12.05.2026, 13:09
Шымкентте қылмыстық топты түрмеден басқарған
12.05.2026, 13:06