Президент Тоқаев Армения Премьер-Министрі Никол Пашинянмен жүздесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Тоқаев Армения Премьер-Министрі Никол Пашинянмен жүздесті

01.10.2019

Сондай-ақ мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Армения премьер-министрі Никол Пашинянмен де жүздесті. Екіжақты кездесу барысында сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі кеңейту жағы қарастырылды. Қос мемлекет арасында барлық бағыт бойынша сенімді әрі ашық диалог орнаған. Сондықтан Қасым-Жомарт Тоқаевтың да, Никол Пашинянның да екі елдің әріптестігі нығая беретініне үміттері зор. Айта кетейік, Ереванда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы басталды. Оған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бес елдің басшылары, сондай-ақ бақылаушы мемлекет Молдованың президенті қатысуда. Ал жиынның құрметті қонақтары: Иран президенті мен Сингапурдың премьер-министрі. Кеңестің отырысында Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы және мемлекетаралық қарым-қатынасты нығайту, нарық керегесін кеңейту сынды мәселелер талқыланады. Сондай-ақ Еуразиялық экономикалық Одақ пен Сингапур Республикасы еркін сауда аймағын құру туралы келісімге келеді, - деп күтілуде


Хабарламаларға жазылу