Қырғыз Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа кіруі талқылануда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қырғыз Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа кіруі талқылануда

08.05.2015
Қырғыз Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа кіруі талқылануда

Мәскеуде бүгін Еуразиялық экономикалық Жоғары кеңестің отырысы өтуде.

Күн тәртібіндегі мәселе - Қырғыз Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа кіруі.

Көрші Қырғыз елі одақ шарттарын мойындар болса, Қазақ-Қырғыз шекарасында кедендік тексеру жойылады.

Бүгінгі кеңесте сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық комиссия өткен жылдың есебін береді. Экономикалық одаққа қатысты өзге де маңызды мәселелер талқыға түседі.

 

Хабарламаларға жазылу