Ұлытау ауданында халықаралық туристік форум өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлытау ауданында халықаралық туристік форум өтеді

23.08.2019

Қарағанды облысының Ұлытау ауданында ертең халықаралық туристік форум басталады. Бүгін қасиетті мекенге әлемнің әр қиырынан қонақтар келіп жетті. Оларды өңір жұрты Жезқазған әуежайында қарсы алып, құрмет көрсетті. Бұдан әрі 40 мемлекеттің туроператоры Алаша хан, Жошы хан, Домбауыл кесенелері сынды қасиетті жерлерді аралауға шықты. Ұлан – ғайыр қазақ даласының түп кіндігі саналатын қасиетті Ұлытау жеріне жыл сайын 12 мыңға жуық турист келеді екен. «Бұл өте аз, 3-4 жылда жиһанкездер санын 100 мыңға жеткізуіміз керек», - дейді мамандар. Ол үшін қазір аудан орталығында туристерді қабылдайтын үлкен орталық салынып жатыр. 

Нұрғиса Дәуешов, ҚР Мәдениет және спорт министрінің орынбасары:

Ұлытау – қазақтың қасиетті, киелі жері. Сонау заманнан бері қаншама хандарымыздың тұғыры биікке көтерілген топырақты барша әлемге насихаттау – біздің басты мақсатымыз. Бұл шара аясында «Қазақтуризм» компаниясы мен шетелдік компаниялардың арасында меморандумға отырады. Ондағы мақсат шетелдік басқа мемлекеттермен туристік саладағы қарым-қатынасымызды нығайту. 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

 

 

Хабарламаларға жазылу