Халықаралық «Жезкиік» фестивалі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халықаралық «Жезкиік» фестивалі өтеді

21.08.2019

Ұлт ұясы - Ұлытау өңірінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ІІ «Жезкиік» халықаралық музыка фестивалі өтеді. Осы айдың 22-24 аралығында өтетін шара аясында халықаралық туристік форум және ауыл жастарының жиыны ұйымдастырылмақ.

Фестиваль өтетін Ұлытау ауданының Болатсай өңірінде құрылған этноауылда бірнеше мемлекеттен келген кәсіби ұжымдар өнер көрсетеді. Сондай-ақ, «Ұлы дала дүбірі» ақындар айтысы да дүйім жұртты жырмен сусындатпақ. Қазір этноауылда 30 киіз үй орнатылып, фестивальге соңғы дайындық шаралары жүргізілуде.

Еркебұлан Ағымбаев, облыстық Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы:

Фестивальге Испания, Италия, Сербия, Венгрия және Қазақстанның 6 кәсіби ұжымы қатысады. «Қазақ туризм» ҰК, ЮНЕСКО бюросы, туризм саласындағы халықаралық сарапшылар, қауымдастықтардың өкілдері, ғылыми-зерттеу институттары, этнографтар қатысады.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу