Талдықорғанда халықаралық туризм форумы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда халықаралық туризм форумы басталды

19.10.2018

Талдықорғанда «Zhetysu Travel» халықаралық туризм форумы басталды. Бірінші рет ұйымдастырылып отырған шараның мақсаты - Елбасының биылғы Жолдауында айтылған ішкі туризмді дамыту тапсырмасын орындау. Сондай-ақ, Жетісу өңірінің туристік мүмкіндіктерін дүниежүзіне паш етіп, шетелдік туристердің санын арттыру.

Қуаныш Қанатұлы, тілші: 

- Биыл Алматы облысына 2 млн-ға жуық турист келді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 23 пайызға артық. Келген меймандарға 10 млрд. теңгенің қызметі көрсетілді. Алайда, «Жер жәннаты» аталып кеткен Жетісу жерінің мүмкіндіктері одан да көп. Өңірде 2020 жылға дейін туризмді дамытуға бағытталған жол картасы жасалып, жаңа бағыттар игеріле бастады.

Халықаралық туризм форумының бірінші жартысында дәл осы Алматы облысында туризмді дамытудың түйткілді мәселелері қаралды. Шетелдік сарапшылар өз ойларын ортаға салып, жаңа идеяларымен бөлісті. Туристік кластер мен туристік өнім деген тақырыптарда пікір алмасып, туристік нысандардың заманауи келбеті талқыланды. Халықаралық форум екі күн жалғасады. Кешке қарай «Zhetysu Travel awards» жүлдесінің иегерлері анықталады. Ал, ертең Тойқазан ұлттық тағам мәзірі фестивалі өтеді.

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу