Шығыс Қазақстан облысындағы Ақсуат, Ақжар елді мекендерінде «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында тұрғын үйлер бой көтеруде. Мемлекеттік жоба аясында жұмыс берушінің қажеттілігіне сәйкес 20 үй салынады.
Ол үшін республикалық бюджеттен 108 миллион теңгеден астам қаражат бөлінген. Қазірде құрылыс аяқталуға жақын. Оларға шалғай ауылдарда жұмыссыз жүрген және әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар қоныстанады.
Бүгінде Тарбағатай ауданында экономикалық әлеуеті төмен 16 елді мекен бар. Жұмыс берушілер ондай ауылдардан көшірілген азаматтарды, қайта мамандандырып немесе біліктілігін арттырған соң жұмысқа алады.
Оралбек Тұрғазиев, Тарбағатай ауданы жұмыспен қамту орталығының маманы:
Бағдарламаның үшінші бағытының бірінші бөлімі - мамандыққа даярлау, кәсіптікті даярлау. Жұмыс берушінің сұранысына сәйкес оларды оқытамыз. Қазір ауданда көбіне құрылыс жұмыстары көп болғандықтан, слесарь, сантехник мамандығы, сылақшы-сырлаушы сынды мамандықтарға Тарбағатай колледжінде оқытамыз.
Ержа ЖАҚЫП