Қажылық: Меккеге мыңдаған мұсылман жиналып жатыр
Меккеге мыңдаған мұсылман жиналып жатыр. Болжамдарға қарағанда, екіжылдық пандемиядан кейінгі алғашқы қажылыққа биыл 1 миллион адам қатысады. Аптап ыстыққа қарамастан, мұсылмандар Қасиетті Қағбаны айналып, қажылықтың бірінші салтын орындады. Биыл толық вакцина алған, вирусқа қарсы иммундалған және ешқандай созылмалы ауруы жоқ 18 бен 65 жас аралығындағы адамдар ғана бес парыздың бірін өтей алады. Айта кетсек, 2019 жылы 2,6 миллион адам үлкен қажылыққа, 19 миллиондайы умраға барған екен. Тақ мұрагері – ханзада Мұхаммед бин Салманның экономикалық реформасына сәйкес, 2030 жылға қарай осы екі қажылыққа қатысатын адамдар саны 30 миллионға жетеді. Жыл сайын бюджетке 13 миллиард доллардан астам кіріс әкелу көзделіп отыр.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Командалық теледебат: партиялардың сөз сөйлеу реті анықталды
11.08.2026, 21:30
Марафоншы Құрылтай сайлауына дейін 1300 шақырымды бағындырмақ
11.08.2026, 20:22
Абай – қазақтың қазынасы
11.08.2026, 20:16
Жерасты мешіттері – әлемдік мұра
11.08.2026, 20:10
Жыл соңына дейін 190 мың автокөлік құрастырылады
11.08.2026, 20:09
Экс-президент Башар Асад сырттай өлім жазасына кесілді
11.08.2026, 20:05
Үгіт-насихат науқаны қыза түсті
11.08.2026, 20:05
Жұмыс тобы сайлау учаскелерінің дайындығын арнайы мониторингтен өткізді
11.08.2026, 20:05