Сауд Арабиясында мұсылмандар Арафатқа жиналып жатыр
Қажылыққа жиналған әлем мұсылмандары Мекке маңындағы Арафат тауының бөктеріне жиналып жатыр. Бұл жерде жамағат күні бойы дұға оқып, Құдайдан күнәларының кешірілуін сұрайды. Және де бұл сәт қажылықтың рухани нүктесінің шыңы болып есептеледі. Сауд Арабиясы үкіметінің Қазақстанға биылғы жылға бөлген квотасына сәйкес, киелі мекенге 4 мыңға жуық қазақстандық зиярат етеді. Қажылық 10 шілдеге дейін жалғасады. Қазірдің өзінде қажылыққа төрткүл дүниеден 1,6 миллион адам барған. Жалпы алғанда, жергілікті билік биыл 2,6 миллион мұсылманды қабылдауға әзір.
Салахаддин Карам Имад, мысырлық қажы:
Мен үшін қажылық - үлкен арман. Оған келемін деп талай рет тырыстым. Аллаға шүкір, биыл берекелі жыл болды. Бұл сапарыма өте қуаныштымын, Алла дұғаларымызды қабыл етсін.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мәдени мұраны бірге сақтайық» республикалық акциясы басталды
18.04.2026, 20:05
Қызылордада инновациялық жобалар байқауы өтті
18.04.2026, 20:05
«Таза Қазақстан» акциясы аясында әке мен бала ағаш отырғызды
18.04.2026, 20:04
«Mamma Mia!» музыкалық спектаклі өтті
18.04.2026, 20:04
Ақтауда «Тегін заң көмегі» акциясы өтті
18.04.2026, 20:04
Қажылық сапар ұйымдастырамын деп 7,4 млн теңгені жымқырған ер адам сотталды
18.04.2026, 20:04
Ормұз бұғазы қайта жабылды
18.04.2026, 20:04
Трамп НАТО-ны сынға алды
18.04.2026, 20:04