«Жусан» операциясы кезінде Сириядан келген келіншекке қатысты сот басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жусан» операциясы кезінде Сириядан келген келіншекке қатысты сот басталды

23.07.2019

Сириядан оралған әйелге қатысты сот процесі басталды. Ақтөбелік Ақмарал Алмағамбетова «терроризмді насихаттады», «ұлтаралық алауыздықты қоздырды» деп айыпталып отыр. Ол Сирия аумағына 2013 жылы Қырғызстан және Түркия мемлекеттері арқылы барған екен. Оған дейін күйеуімен ажырасып, үш баласы әкелерімен қалған. 32 жастағы әйел биыл мамыр айында «Жусан» операциясы кезінде Сирияда босанған екі баласымен бірге елге әкелінген.

 

Айыпталушы отбасына 2014 жылы хабарласқан. Өзінің қарулы қақтығыс аумағында жүргенін баяндаған. Елде қалған үш баласының әкесіне экстремистік ұйым идеяларын насихаттаған

 

Әлима Әділова, Қалалық соттың судьясы:

Сотқа дейінгі тергеу-тексеру амалдарымен Алмағамбетова 2014 жылғы қаңтар айындағы ақпараттық-коммуникациялық желілерді пайдалана отырып, терроризмді насихаттап, қылмыстық кодекстің 256 бабы, 2 бөлімімен көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты және ұлттық алауыздықты қоздырып, азаматтардың ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлауға бағытталған қасақана әрекеттер жасап, 174 бап, 1 бөлімімен көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деп айыпталған.

 

Алмағамбетова Сирияға кеткен кезде балаларының ең кішісі бар болғаны бір жаста болыпты. Шет елде жүріп, бірнеше мәрте тұрмысқа шыққан келіншек тағы екі баланы дүниеге әкелген. Олардың әкелері қақтығыс аймағында қаза тапқаны айтылды. Бүгінгі сот отырысында айыпталушыға үкім кесілуі тиіс еді. Дегенмен сот оның жазасын жеңілдететін жағдайлар барын алға тартып, қосымша бір ай уақыт берді.

 

Назгүл Дүйсенбекова, қорғаушы:

Біз процесуалды соглашение жасақтауға келдік.. Соны судья бекітсін деп. Бірақ іс-қимылы 13-інші жылы жасалғаннан кейін, бұрынғы, 97 жылғы қыбылданған қылмыстық кодекс, іс-әрекеті соған қайтадан қаралады прокурормен.

 

Жақсыбек Кемал, тілші:

Алмағамбетованың Сирядан ертіп келген екі баласы қазір мемлекеттік мекеменің қамқорлығында. Олардыңда  бұдан кейінгі тағдыры алдағы бір ай ішінде шешілуі тиіс.

 

Жақсыбек КЕМАЛ

Хабарламаларға жазылу