Рақымшылық шарасы мемлекетке пайда әкеледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Рақымшылық шарасы мемлекетке пайда әкеледі

25.07.2014
Рақымшылық шарасы мемлекетке  пайда әкеледі

Капиталға рақымшылық жариялау - шығындарды бақылауға алуда аса қажет механизм. Рақымшылық шарасы барлық табыс көздерін «көлеңкеден» шығарып, мемлекетке  пайда әкелетін болады.

Бұл - Беларусь еліндегі қаржы директорлары клубының төрағасы Андрей Карпуниннің пікірі.

Мемлекет ел азаматтарына жазалау шараларын қолданбай және айыппұл төлетпей, жасырын табыстарына рақымшылық жариялап, қателіктерін түзетуге мүмкіндік беріп отыр.

Осыдан кейін салық төлеушілердің шығындарына бақылау орнату арқылы оларды басқарудың жаңа мүмкіндіктері енгізілетін болады.

Андрей Карпунин, Беларусьтің қаржы директорлары  клубының төрағасы:

Мәселен, бір адам  300 мың еуроға «Ferrari» көлігін сатып алды. Ондай ақшаны қайдан алды, деген сауал туындайды. Яғни,  ол адамның  қолында ондай қомақты  ақшаны қандай табыс  көзінен алғанын түсіндіретін ақпараты болуы керек.  Жалпы, кез келген адам үй саламын  немесе осындай қымбат көлік сатып аламын десе, жұмсайтын қаражаты мен табыс көзі  тиісті мағлұмдамада  көрсетіліп тұруы керек.

Хабарламаларға жазылу