Алматыда башқұртстандық ақын Мұстай Кәрімнің құрметіне арналған көше ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда башқұртстандық ақын Мұстай Кәрімнің құрметіне арналған көше ашылды

09.07.2019

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев, Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және өкілетті елшісі Иманғали Тасмағамбетов, жазушы-драматургтың немересі Темірболат Кәрімов қатысты.

 

Жиналғандардың сөзінше, бауырлас ұлттың көрнекті ақыны Мұстай Кәрім әлем әдебиетіне де сүбелі үлес қосқан тұлға. Ол - журналист, қоғам қайраткері. Оның тағылымды туындылары тек Башқұрт жұртына емес, күллі түркі дүниесінің рухани мұрасы. Кітаптары бірнеше шет тіліне аударылған. Сондықтан, ақынның құрметіне көшенің аты берілуі - Қазақ-Ресей мәдениетаралық байланысын одан әрі арттырады. Бұдан бөлек, белгілі жазушының шығармашылығына арналған "Мұстай Кәрім - 100 жыл" атты ғылыми-тәжірибелік конференция да өтті. Бұл іс-шараға екі мемлекеттің ақын-жазушылары мен этномәдени бірлестіктер және жастар ұйымдарының өкілдері қатысты. Онда кітап көрмесі ұйымдастырылып, жас ақындар оқырмандар үшін отты жырларын оқыды.

 

Маралтай Райымбекұлы - Ақын, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері:

 

Біз қай кезде бірлікте болдық, ынтымақта болдық, сол кезде біздің жұлдызымыз жарық болды, шаңырағымыз биік болды, керегеміз нық болды. Рухани әлемдегі осы Мұстай Кәрім сияқты, Расул Ғамзатов басқа да ұлылардың арман-мұраты айналып келгенде жалғыз нәрсеге әкеліп тірелді. Ол осы түркі балаларының бірлігі, ынтымағы.

 

Алмат ӘБДІРАМАН

Хабарламаларға жазылу