Ақын Биғайша Медеудің 70 жылдығы тойланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақын Биғайша Медеудің 70 жылдығы тойланды

26.09.2022

Тау мінезді тұлға. Белгілі ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Биғайша Медеудің 70 жылдығы туған жерінде тойланды. Тағылымды шаралар легі Алматы облысы, Райымбек ауданы, Нарынқол ауылында өтті.

Осылайша мерейтой отты өлеңдерімен дараланған қаламгердің құрметіне ақындар айтысымен басталып, аудан көлемінде өткен «Биғайша оқуларымен» қорытындыланды. Өзі оқыған мектепте ақын атындағы тарих пәнінің сыныбы ашылды. Жыр кешінде автордың өлеңдерін оқыған барлық балаға марапат пен қаржылай сыйлықтар табыс етілді. Ал озат шыққан бір оқушыға жыл бойына Биғайша Медеу атындағы арнайы стипендия тағайындалды. Сондай-ақ ақынның «Күнге қол созған қалалар» атты жыр жинағы таныстырылды.

Биғайша Медеу, ақын:

Туған жердің құшағында көзім үнемі жасқа шылана береді, ене көкірек болады дейді ғой қыз дегенің.Туған жерге келгенде сондай сезім болады. Тағы да құлшынасың. Жоспарларым көп әлі.

Жазира Оразқызы

Хабарламаларға жазылу