Дүйсембиновтердің құрметіне көше атауы берілді
Бір отбасынан жеті боздақ екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан. Ағайынды Дүйсембиновтердің құрметіне Павлодар қаласында көше атауы берілді. Ертіс ауданының, Қызылжар ауылында тұрған ағайындылар 1941-44 жылдар аралығында кезек-кезек әскерге алынып, сол күйі майдан даласынан қайтпаған. Қазір 4-еуінің жерленген жері анықталды, үшеуінің сүйегі табылған жоқ.
Ғабит Дүйсембинов, қала тұрғыны:
Осы ұрпақтың ең үлкені мен боламын. Біздің әкеміз жасы кіші болып, соғысқа ілінбей қалған. Қалған ағалары бәрі осы 7 ағайын соғыста шейіт болды. Ешқайсының отбасынан ұрпақ қалған жоқ. Үшеуінен қалды бір-бір қыздан. Тәуелсіздігіміздің арқасында міне осындай халге жетіп отырмыз. 70 жылдан асқаннан кейін.
Бір әулеттен жеті бірдей адамның майдан даласында шейіт болуы 2-ші дүниежүзілік соғыс тарихында өте сирек болған. Расул Ғамзатовтың әйгілі «Тырналар» әні соғыста қаза тапқан Дағыстандық жеті ағайынды азаматқа арналған деседі. Ал, қазақ жауынгерлері Дүйсембиновтердің соғыста көрсеткен ерлігі жайлы жазбалар енді табыла бастады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бүгін Әлем біріншілігінің жеребесі тартылады
05.12.2025, 21:27
Ақтөбеде ұлттық дәстүрлерді ұлықтаған этнофестиваль өтіп жатыр
05.12.2025, 20:36
«Медиадиалог» сарапшылар клубы құрылды
05.12.2025, 20:33
Жылдың үздік волонтерлері анықталды
05.12.2025, 20:30
Концерт өткізу кезінде фонограмма пайдалануға тыйым салынды
05.12.2025, 20:28
Дипломдардың деректер базасы құрылды
05.12.2025, 20:26
Сиыр етін экспорттауға жыл соңына дейін квота енгізілді
05.12.2025, 20:21
Ауыл шаруашылығы өнімдері терең өңделе бастайды
05.12.2025, 20:20