Басты Жаңалықтар Әр кәсіпкер мемлекет экономикасы үшін инвестиция салғаны жөн

Әр кәсіпкер мемлекет экономикасы үшін инвестиция салғаны жөн

Әр кәсіпкер  мемлекет экономикасы үшін инвестиция салғаны жөн

Капиталды жария ету - мемлекеттің экономикасына  кірістерді кері қайтарудағы тиімді құрал. Бұл туралы Беларусь кәсіпкерлер конфедерациясы төралқасының  төрағасы Владимир Карягин айтты.

 Оның айтуынша, іскер адамдардың өткен қателіктерін түзеп, осы мүмкіндікті пайдаланып, қаржыны далаға жібермей, өз мемлекетінің экономикасы үшін инвестиция салғаны жөн.

Көп жағдайда бизнесмендер өз елінің жобаларын қаржыландыруға ынталы.

Бұл - бір жағынан салық түсімдерін молайтуға септігін тигізеді әрі өңірлерді дамытуға қолайлы.

 Владимир Карягин, Беларусь кәсіпкерлер конфедерациясының төралқа төрағасы:

Әрине, көп адамдар заңды түрде шетелде ақша жинақтады. Біреулер сөмкелеп, біреулер вагондап тауар тасыды. Экономикалық іс-әрекет жасап, қомақты қаржы тапқан соң, оны өз еліне қайтару жайы бір бөлек. Бізде қосымша құн салығы - 20 пайыз, Ресейде - 18, сіздерде -12. Біз көбінесе Қазақстандағы салықтың жеңілдіктеріне қызығушылық танытамыз. Сондықтан, кәсіпкерлер ақшаларын тиімді мақсатта жұмсап, легализациялап, инвестор болып, оған бір нәрсе сатып алғылары келеді. Адам ашық өмір сүргісі келеді.

Бөлісу