Басты Жаңалықтар Кедендік одақтың ортақ талаптары

Кедендік одақтың ортақ талаптары

Кедендік одақтың ортақ талаптары

Кедендік одақ елдерінің аумағына кіргенде немесе қайтадан шығар кезде, шетелдік жолаушылар өздерімен қанша көлемде ақша алып жүрсе де, шектеу болмайды.

Алайда, валютаның көлемі 10 мың АҚШ долларынан асатын болса, оның қайдан алынғаны және не мақсатта жұмсалатыны көрсетіліп, декларациялануы керек. Ал, тауар тасымалдаған кезде, үшінші елдердің азаматтары, құны 10 мың еуродан, салмағы 50 келіден аспайтын заттарды, арнайы рәсімдемей-ақ алып жүре береді.

Мұндай ереже ұшақпен қатынайтын жолаушыларға қатысты. Бұл туралы Мәскеуде өткен баспасөз-мәслихаты кезінде Ресей федералды кеден қызметінің өкілдері мәлімдеді. Мамандардың айтуынша, қазір Қазақстан, Ресей және Беларусь елдерінің кеденшілері шетелдік азаматтарға осындай ортақ талап қойып отыр.   

Елена Плющай, Ресейдің федералды кеден қызметі бөлім басшысының орынбасары:

Өткен жылдың екінші жартыжылдығында заңды бұзғандарға қатысты 1500 әкімшілік іс қозғалса, 100-ге тарта адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Жалпы қазір, талап күшейгелі бері, ереже бұзатындар азайғанын айту керек.

Себебі, қазіргі айыппұлдың көлемі, жолаушылардың өздерімен апара  жатқан сомасынан 2 есе көп. Жалпы, тауар мен валютаны декларациялау тәртібі Еуроодақтың талабына ұқсас. Яғни, бұл – халықаралық тәжірибе.

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

Бөлісу