Арыс тұрғындарына көмекке берілген заттар сақталатын қоймалар онлайн бақыланатын болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Арыс тұрғындарына көмекке берілген заттар сақталатын қоймалар онлайн бақыланатын болды

03.07.2019

Арыс қаласындағы гуманитарлық көмек қоймаларына онлайн веб-камералар орнатылды. Енді, кез- келген адам www.barlau.kz сайтына кіріп, көмектің халыққа  қалай үлестіріліп жатқанын бақылай алады. Осы күнге дейін еліміздің әр аймағынан 510 тонна гуманитарлық жүк жеткізілген. Оның ішінде азық-түлік, киім-кешек, тұрмыстық заттар, өзге де  дүниелер бар. Бүгінге дейін оның 448 тоннасы халыққа таратылған. Әсіресе, жеке кәсіпкерлер апаттан зардап  шеккендерге көмегін аяп жатқан жоқ. Соның бірі түркістандық меценат Базарбай Мұсабеков. Ол арыстықтарға 20 тонна ұн, 20 тонна күріш,10 тонна макорон, 5 тонна тұз, 20 тонна пісте майын, жалпы айтқанда, 20 миллион теңгенің тауарын әкеп берді.

 

Гүлжазира ҒАЛИҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу