Арыс қаласына Алматы мешіттерінен 15 тонна азық-түлік пен киім-кешек жіберілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Арыс қаласына Алматы мешіттерінен 15 тонна азық-түлік пен киім-кешек жіберілді

02.07.2019

Сонымен қатар, қайырымдылық мақсатта ашылған арнайы шотқа 6 миллионнан астам ақша аударылды. Көмекке әр мешіттің жамағаты мен қаладағы ірі компаниялардың ұжымы, жеке кәсіпкерлер де ат салысқан. Арысқа жөнелтілген заттардың ішінде түрлі консервіленген, кептірілген тағамдар мен ыдыстар, жаңа киімдер және көрпе-төсектер бар. Ал, қайырымдылық шарасы алдағы уақытта да жалғаса береді, дейді имамдар.

Арыс қаласының тұрғындарына жылу жинаған Алматы қаласының мешіттерінен 15 тонна азық-түлік пен киім-кешек жіберілді.

Сонымен қатар, қайырымдылық мақсатта ашылған арнайы шотқа 6 миллионнан астам ақша аударылды. Көмекке әр мешіттің жамағаты мен қаладағы ірі компаниялардың ұжымы, жеке кәсіпкерлер де ат салысқан. Арысқа жөнелтілген заттардың ішінде түрлі консервіленген, кептірілген тағамдар мен ыдыстар, жаңа киімдер және көрпе-төсектер бар. Ал, қайырымдылық шарасы алдағы уақытта да жалғаса береді, дейді имамдар.

Еркінбек Шоқай, Алматы қаласы орталық мешітінің бас имамы:

Арыс қаласындағы төтенше жағдай бұл енді тек қана Арыс қаласыныің тұрғындарының басына емес, бүкіл қазақ қоғамына, қазақ елінің басына түскен нәубет, апатты жағдай деп бүкіл халық солай қабылдадық.

Біз Алматы қаласы мешіттері 25-маусымнан міне бүгінгі күнге дейін 29-шы маусымға дейін үлкен Арысқа жылу деген қайырымдылық шарасын жарияладық. Осы қайырымдылық шарасына бүкіл осы қаладағы жамағатты жұмылдыруға әрекет жасадық.

Аманкелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу