Ақтаудағы өндірістік және логистикалық орталықтың құрылысы қарқынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтаудағы өндірістік және логистикалық орталықтың құрылысы қарқынды

02.05.2015
Ақтаудағы өндірістік және логистикалық орталықтың құрылысы қарқынды

Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы екі жақты келісімнің нәтижесінде Ақтауда өндірістік және логистикалық орталық салынып жатыр. Әзірбайжандық инвесторлар құны 20 миллион АҚШ доллары тұратын жобаны «Ақтау теңіз сауда порты» арнайы экономикалық аймағында жүзеге асыруда. Бұл - көкөніс пен жеміс-жидегі қат өңірге азық-түлік бағасын тұрақтандыруға мүмкіндік береді.

Азық-түлік орталығының жалпы аумағы - 10 мың шаршы метр. Нысан екі бөліктен тұрады. Алғашқысында өнім сақталатын құрғақ қоймалар болады. Ал, екінші жартысында тоңазытқыштар орналасады.

Қазір өндірістік-логистикалық орталықтың құрылысы жартылай аяқталды.

Әзірбайжандық инвесторлар орталықты осы жылдың 3-ші тоқсанында іске қосуды көздеп отыр.

Жазира ӘБІЛ

Хабарламаларға жазылу