«Nur Otan» партиясы мен «Jas Otan» жастар қанатының қолдауымен Арысқа гуманитарлық көмек жіберілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Nur Otan» партиясы мен «Jas Otan» жастар қанатының қолдауымен Арысқа гуманитарлық көмек жіберілді

28.06.2019

Арыстағы ағайынға астаналықтар тағы асар жасады. Бүгін 20 тонна гуманитарлық көмек жөнелтілді. «Nur Otan» партиясы мен «Jas Otan» жастар қанатының қолдауымен Арыс қаласына азық-түлік, киім-кешек, сонымен қатар түрлі гигиеналық заттар жіберілді. Нұр-Сұлтанда гумантарлық көмек көрсететін 2 пукнт жұмыс істеді. Бұл жолы бизнес өкілдері де, қарапайым азаматтар да қайырымдылық керуеніне ілесті. «Көп түкірсе – көл». Тонна-тонна алғашқы қажетті заттардың кезекті легі оңтүстікке қарай жол тартты.

 

Бақдаулет Жанділдаев, «Jas Otan» жастар қанатының филиал төрағасы:

 

Апта басынан бері күн сайын 5-10 тоннадан, заттар гуманитарылық заттар жіберіліп отырды. Одан бөлек қазір бүгінгі күні 20 тонна гуманитарылқ көмек жіберілу жоспаланып отыр. Астана қаласы бойынша жалпы осы Арыс қаласына көмек көрсету мақсатында 200 миллионнан астам теңгеге қаржылай көмек көрсетліген болатын. 

 

Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу