«Jas Otan» жастар қанатының төрағасы сайланды

03.05.2019

«Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» жастар қанатына жаңа төраға тағайындалды. Бүгін «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевтың қатысуымен Орталық кеңестің отырысы өтіп, партия басшылығы «Дарын» мемлекеттік сыйлығының лауреаты Дәулет Кәрібектің кандидатурасын бірауыздан мақұлдады.

Ұйымның экс-төрағасы Данияр Сүндетбаевтың өкілеттігі оның білімін шетелде жалғастыруына байланысты тоқтатылды.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу