Ауыл жастарына арналған «Өрлеу» атты жаңа партиялық жоба ұсынылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауыл жастарына арналған «Өрлеу» атты жаңа партиялық жоба ұсынылды

01.03.2022

Ауыл жастарына арналған «Өрлеу» атты жаңа партиялық жоба ұсынылды. Бұл туралы «Nur Otan» партиясының кезектен тыс съезінде партияның атқарушы хатшысы Асхат Оралов мәлімдеді. «Jas Otan» жастар қанатының жұмысын толықтай қайта жаңғырту аса маңызды. «Jas Otan» қатарына жастар арасында шын беделі бар нағыз көш басшыларды тартылмақ. Оның аясында еліміздің түкпір-түкпіріндегі жастардың тұлғалық дамуына, шығармашылық қабілеттерін шыңдауға арналған, оларды кәсіп ашып, табысты болуға ынталандыратын кешенді шаралар жүзеге асырылады. Бұдан бөлек, жас ұрпақты отан сүйгіштікке баулитын «Қайсар» атты жаңа әскери-патриоттық жоба іске қосылады. Ел қорғайтын, мемлекетімізге қызмет ететін ержүрек азаматтарды тәрбиелеуге басымдық беріледі. 

Хабарламаларға жазылу