Қазақ-корей бизнесі жанданбақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ-корей бизнесі жанданбақ

18.07.2014
Қазақ-корей бизнесі жанданбақ

Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасы мен Кореяның Қазақстандағы «Шинхан» банкі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат аясында шағын және орта бизнес жобаларын несиелендіру жеңілдемек. Аталған банктің арзан әрі қомақты қаржы беруге арналған бағдарламасы бар. Соның аясында отандық кәсіпкерлер 10-12 пайыз жеңілдікпен несие алып, кәсібін әрі қарай дөңгелетуге мүмкіндік алды. Бүгінде Қазақстан-Корей кәсіпкерлері бизнес әлеуетін арттыруға бірлесіп кіріскен. Бір Алматының өзінде корей кәсіпкерлерінің бастамасымен электроника саласы жүйелі жолға қойылып, тамақ және жеңіл өнеркәсіп дамып келеді. Әлеуеті жоғары бизнес компанияларға енді «Шинхан Қазақстан банкі» АҚ төмен пайыздық несиемен қолдау көрсетпек.

Джонг Джи Хо, «Шинхан Қазақстан банкі» АҚ төрағасы

Бізде жылдық пайыздық мөлшерлеме - 10-12 пайыз. Қарыз алушыға берілетін несиенің ең жоғары көлемі 15 миллион доллар. Ол 10 жылға беріледі. Ал егер де ұсынылған жобаның құны осы 15 миллион доллардан асып кететін болса, онда қаржы Сеулдегі басты банктің еншілес филилалдарынан тартылады. Егер несие алған компания жақсы жұмыс істейтін бола, онда болашақта біз пайыздық мөлшерлемені азайтамыз.

Айгүл ЕРМАХАН

Хабарламаларға жазылу