Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Австрия Парламентінің спикерімен ынтымақтастық мәселелерін талқылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Австрия Парламентінің спикерімен ынтымақтастық мәселелерін талқылады

27.06.2019

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Австрияның Федералдық Кеңесінің төрағасы Инго Аппе бастаған делегациямен кездесті. Тараптар екі ел арасындағы, соның ішінде, парламентаралық ықпалдастықты нығайтудың өзекті мәселелерін талқылады. Мәжіліс спикері биылдың ең маңызды саяси оқиғасы кезектен тыс өткен Президент сайлауы болғанына тоқталып, жаңа сайланған Мемлекет басшысы Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық бағытын жалғастыратынын баса айтты. Өз кезегінде мәртебелі мейман елімізге алғаш рет сапармен келіп отырғанын, Қазақстанның даму қарқыны мен стратегиялық мақсаттары таңқалдырғанын жеткізді. Нұрлан Нығматулин құрметті қонақтардың алдында 23-24 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында «Үлкен Еуразия. Диалог. Сенім. Әріптестік» тақырыбында өтетін Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің IV кеңесінің маңыздылығы туралы баяндады.

 

 

Индира БЕГАЙДАР

 

Хабарламаларға жазылу