Парламентаралық ынтымақтастық мәселелері талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Парламентаралық ынтымақтастық мәселелері талқыланды

24.09.2021

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Тәжікстан Оли Мажлисі Милли Төрағасы Рустам Эмомалимен кездесті. Мәжіліс спикері Қазақстанға ресми сапармен келген әріптесімен парламентаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Тәжікстан Орталық Азиядағы маңызды серіктес әрі сенімді одақтас ел. Кездесуде Нұрлан Нығматулин еліміздің заң шығару қызметі туралы айтты. Мемлекет басшысының бастамасымен жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық реформаларды заңнамалық қолдау жөніндегі жұмыстарға тоқталды. Келіссөздер барысында өңірлік және халықаралық қауіпсіздік мәселелеріне ерекше мән берілді. Сонымен қатар, Ауғанстанда бейбітшілікті қалпына келтірудің және гуманитарлық дағдарысқа жол бермеудің маңыздылығы айтылды.


Хабарламаларға жазылу