Мәжіліс төрағасы Ресейден келген делегация өкілдерімен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжіліс төрағасы Ресейден келген делегация өкілдерімен кездесті

28.06.2021

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Ресей Федералды Жиыны Кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенко бастаған делегация өкілдерімен кездесті. Тараптар екі ел арасындағы парламентаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады. Нұрлан Нығматулин Ресей Қазақстанның стратегиялық әріптесі, сенімді досы әрі тату көршісі екенін атап өтті. Қос мемлекет арасындағы қарым-қатынас Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Президенті Владимир Путиннің сындарлы келісімдері арқасында жоғары деңгейде даму жолына түскен. Бүгінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеумен стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға зор көңіл бөліп отыр-деді мәжіліс төрағасы. Кездесу барысында мәртебелі меймандар еліміздегі заң шығару қызметінің жаңалықтары, саяси- әлеуметтік, экономикалық реформалар және оларды заңдық деңгейде қаматамасыз ету барысындағы жетістіктер жайына қанықты.  

Раушан Сайлауқызы

Хабарламаларға жазылу