Қазақстан-Швейцария ынтымағы нығаймақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан-Швейцария ынтымағы нығаймақ

26.08.2021

Қазақстан және Швейцария парламентшілері өзара ынтымақтастықты нығайтуға ниетті. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Швейцария Парламенті Ұлттық Кеңесінің Спикерімен кездесіп, бірқатар келісім жасасты. Айта өтейік, бұл Андреас Эбидің Қазақстанға алғашқы ресми сапары. Нұрлан Нығматулин швейцариялық әріптесіне Ел Президентінің бастамаларын қолдау үшін қабылданған заңдар туралы айтты. Өз кезегінде Андреас Эби Қазақстанның даму қарқынын жоғары бағалап, демократияны дамытуда үлкен жетістіктерге жеткенін атап өтті.

Ләйлә Дулатқызы

Хабарламаларға жазылу