«Рухани жаңғыру» – қоғамдық сананы серпілткен саяси маңызды қадам - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Рухани жаңғыру» – қоғамдық сананы серпілткен саяси маңызды қадам

21.06.2019

Бұл – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елді дамытуға негіздеген 10 бағытында басымдық берілген қадамдардың бірі. Ал, оны іске асыруға әр азамат одан әрі қарай атсалыса беруі керек. Алматылық белсенді жастардың пікірі осыған саяды. Тілші материалы.

 

Зулфия Кәрімжанқызы - қоғамдық ғылымдар саласында оқиды. Білім қуған студент Елбасы ұсынып, Президент қолдаған "Рухани жаңғыру" бағдарламасының әрі қарай жалғасқандығына дән риза. Себебі, тарихи тұлғалардың өнегелі өмірі туралы ғылыми зерттеу жүргізген оның отансүйгіштік сезімі оянған. Қазір ол руханиятқа байланысты алқалы жиындарға жиі қатысып жүр.

 

Зүлфия Алибаева, студент:

 

Көптеген осындай іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр. Жалпы, болашақ жастардың қолында дейді. Сондықтан біз терең білім алуға, еңбек етуге осындай елге қызмет етуге тырысамыз. Осы әлемге әйгілі тарихи тұлғалардың бірі осы Мұстафа шоқай болғандықтан сол кісіден үлгі аламыз, сол кісі сияқты болға талпынамыз.

 

Жастардың басын қосқан түркі халқынан шыққан алыптар туралы жиында ғалымдар ой-пікірлерін айтты. Әлемнің әр қиырынан жиналған зерттеушілер Қазақстандағы кейінгі өзгерістерге қатысты оң бағасын да берді. Өйткені, олар түбі бір түркі жұртының қарашаңырағы саналатын Қазақ елінің ғылым саласында да әлемдегі беделі жоғары, деп біледі.

 

Сабри Хризметли, ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының академигі:

 

Жаңа президентіміздің 10 бағыты түркі дүниесін біріктіруге, түркі дүниесінің күшті болуын, түркі дүниесінің ғылым және мәдениет, өркениет, сауда, экономика, энергия салаларына, әсіресе адам қайнар көзі саласында өз потенциялын күш қуатын біріктіріп дүниенің ұлы одақтарының бірі болуына негіз болатын бағыттар деп айтсақ артық болмайды.

 

Бүгінде тарихи тұлғалардың өмірінен өнеге алып, бағытын айқындаған жастар аз емес. Олар "еліміз бізге не береді деп емес, біз елдің дамуына қандай үлес қосып жатырмыз» деп өркениет көшіне ілесуге бет бұрған. Сондықтан, Президент ұсынған 10 басым бағыттың бірі "Рухани жаңғыру" бағдарламасының табысты іске асуына білімді жастар атсалысып келеді.

 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу