Алматыда 48-ші ғылыми-әдістемелік халықаралық жиын өтті

23.01.2018

«Қоғамдық сананы жаңғыртуда жоғары оқу орнының рөлі. Университет 4.0 моделіне көшу». Алматыда осындай атаумен 48-ші ғылыми-әдістемелік халықаралық жиын өтті.

Оған белгілі ғалымдар, саясаткерлер мен университеттердің өкілдері қатысты. Жиналғандар Елбасының Жолдауы мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын сабақтастыра отырып, келешекте атқарылатын істердің тінін тарқатты. Сондай-ақ, білім саласына қатысты Мемлекет басшысы жүктеген міндеттерді кешеуілдетпей, қолға алу керектігін жеткізілді.   

Кенжехан Матыжанов, Әл-Фараби атындағы ҚАЗҰУ «Рухани жаңғыру» орталығының ғылыми жетекшісі:

- Ендігі мәселе «Рухани жаңғыру» мәселесін қалай жалғастырамыз деген төңіректе тұр. Әлі сиясы кеуіп үлгермеген Елбасының жаңа Жолдауында осы мәселе анық айтылған. Әсіресе, 7-ші тарауында адами капиталға байланысты, білім мәселесіне, жалпы, біздің рухани жаңғыру саласындағы алдымызға қойып отырған міндеттер қалай жалғасады деген сауалға толық жауап береді.

Лаура ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу