Жаңаөзен қаласының жастары спорт клубын ашты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңаөзен қаласының жастары спорт клубын ашты

17.06.2019

Бұл олардың жастар жылында қаладағы балалар мен жеткіншектерге жасаған тартуы.

Аралас жекпе-жекке арналған заманауи клубта бір мезгілде 40 адам спортпен айналысады. Мұнда спортшылардың кәсіби деңгейде жаттығуына жағдай жасалған. Октагон алаңынан бастап қажетті жауынгерлік құрал-жабдықтардың барлығы шет елден әкелінді. Жастар игі іс үшін 15 миллионға жуық қаржы жұмсаған.

Әлібек Үрпеков, қала тұрғыны:

Жаңаөзен қаласында аралас жекпе-жекке жастардың қызығушылығы күшейіп жатыр. Осы кезге дейін мұнда спорт зал болған жоқ. Біз ешқашан мұндай спорт зал көрген жоқпыз. Сондықтан биыл жастар жылы болғасын, біз бәріміз бірігіп, осындай спорт зал салуға бел будық.

Әсима ОРАЛБАЙҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу