Маңғыстауда шығармашылық үйі күрделі жөндеуден кейін қайта ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстауда шығармашылық үйі күрделі жөндеуден кейін қайта ашылды

18.01.2023

Жаңаөзен қаласында оқушылар шығармашылығы үйі күрделі жөндеуден соң, қайта пайдалануға берілді. Ғимарат жарты ғасыр бұрын салынған. Әбден тозығы жеткен орталықты жөндеу бойынша жобаны 2 кәсіпкер қолдап, әрқайсысы 500 млн теңгеден бөлген. Бұл ақшаға тек жөндеу жұмыстары ғана жүргізілмей, қосымша заманауи үлгідегі спорт залы да пайдалануға берілді. Жалпы, өнер мен білім орталығында 2 мыңға жуық оқушы әртүрлі бағытта тәлім алады. Сондай-ақ, осы жерде сөйлеу қабілеті бұзылған балаларды логопед-дефектолог мамандар тегін емдейді.

Феруза Теміршиева, Жаңаөзен қаласының тұрғыны:
1 жылдан асып кетті емдетіп жүргеніме. Нәтиже бар. Тұтықпасы басылды. Баламды Астанаға, Ақтауға басқа жерге емдететін едім логопедке. Осы жерде әртүрлі үйірмелердің ашылғаны бізді қуантып отыр.


Хабарламаларға жазылу