Астаналық ақсақалдар аула клубын ашты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астаналық ақсақалдар аула клубын ашты

01.03.2018

Астаналық ақсақалдар аула клубын құрды. Ол жерде қариялар бос уақыттарын өткізіп, түрлі шаралар ұйымдастыратын болады. Орталықтың арнайы жүргізетін бағдарламасы да бар. Басты мақсаты - қарттардың қоғамдық жұмысқа араласуын қамтамасыз етіп, өзара байланыстарын арттыру. Бұл Елордада ашылған он тоғызыншы орталық. Арнайы бөлме алумен оның жөндеу жұмыстарына қаржыны демеушілер бөлген. Бұған дейінгілердің барлығы өз міндетін мінсіз атқарып келеді. Алдағы уақытта тағы бірнеше аула клубын ашу жоспарда бар. 

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу