Италия кубогы. «Интер» «Болонья» клубын 3:2 есебімен жеңді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Италия кубогы. «Интер» «Болонья» клубын 3:2 есебімен жеңді

18.01.2017
Футболдан Италия кубогының 8/1 финалы аясында «Интер» өз алаңында «Болонья» клубын қабылдап, 3:2 есебімен жеңіске жетті.
Ойында есепті бірінші болып 34-минутта «Интер» сапындағы Мурильо ашты. Ал, 39-минутта Родриго Паласио есепті еселей түсті. Арада 5 минут өткенде қонақтар командасындағы Блерим Джемаили таблодағы көрсеткішті 2:1-ге жеткізді.

Ал, екінші таймда «Болонья» ойыншы Годфред Донса есепті теңестірген. Алайда, алаң иелері қосымша уақытта гол соғып, жеңісті жұлып алды. Соңғы голдың авторы - Антонио Кандрева.

Рустам БАЙДӘУЛЕТ

Хабарламаларға жазылу