Бүгін жер-жаһандағы барлық мұсылман қауым үшін ұлық мереке Ораза айт басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін жер-жаһандағы барлық мұсылман қауым үшін ұлық мереке Ораза айт басталды

05.06.2019

Отыз күн ораза тұтып, Аллаға мінәжат еткен жұрт еліміздегі мешіттерге ағылды. Рамазан айы Алла Тағаланың тарапынан Мұхаммед пайғамбарымызға (c.ғ.с) Құран Кәрім түсіре бастаған айы болғандықтан қасиетті. Бұл күндері жер жүзіндегі 2 миллиардқа жуық мұсылман бірін-бірі Ораза айт мейрамымен құттықтап, сыйлық береді.

Айттың алғашқы күні еліміздің бас мешіті - «Әзірет Сұлтанға» ағылған жұрттың қарасы көп. Қазір халық тек мерекеде ғана емес былайғы күндері де мешітке көп жиылады.

Айтта халық бір-біріне ақжарма тілектерін айтып, бұрынғы өкпе реніштерін ұмытып, туған-туыс пен көрші-қолаңның үйіне айттап барады.

Наурызбай қажы Тағанұлы, бірінші наиб мүфти, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы:

Ораза айтта құрбан шалынбайды. Сондықтан Ораза айт намазын оқығаннан кейін, бірі-бірінің үйіне барып, айтшылайды. Бұл күндері сауапты істермен көбірек айналысқан жақсы. Садақа беру, көмек қолын созу — қайырымдылылық істері болып саналады.

Ғабит БӨКЕНБАЙ

 

Хабарламаларға жазылу