Президент қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

10.04.2024

Бүгін мұсылман үшін ұлық мереке – Ораза айт басталды. Президент қазақстандықтарды мерекемен құттықтады. Мемлекет басшысы: «Ата дініміз адамзатты татулық пен тыныштыққа, қамқорлық пен мейірімділікке, жанашырлық пен жасампаздыққа үндейді. Адал еңбек етіп, адал табыс табуға шақырады. Мұның барлығы, түптеп келгенде, бүкіл еліміздің ырысты ынтымағын арттыруға ықпал етеді. Халқымыздың салт-дәстүрі Ислам дінінің, Рамазан айының және Айт мейрамының ұлағатымен ұштасып жатыр. Бұл сабақтастық берекелі бірлігімізді нығайтып, әділетті қоғам құру жолында маңызды рөл атқарады. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!» деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев өз құттықтауында.  

Хабарламаларға жазылу