Бүгін барша мұсылман қауымы Ораза айт мерекесін тойлап жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін барша мұсылман қауымы Ораза айт мерекесін тойлап жатыр

13.05.2021

Бүгін барша мұсылман қауымы рамазан айының аяқталуын білдіретін ораза айт мерекесін тойлап жатыр. Таң сәрімен ел бойынша барлық мешіттерде айт намазы оқылды. Жамағат бір-бірін діни мерекемен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді. Барлық мешіттерде санитарлық талаптардың сақталуы қатаң бақыланды. Намаз мешіттің ішінде емес аулада оқылды. Әр адамға 4 шаршы метрден белгіленген. Дін өкілдері мереке кезінде эпидемиологиялық ахуалға байланысты қойылған талаптарды қатаң сақтау маңызды екеніне тоқталды. Еске салайық былтыр эпид ахуалдың ушығуына байланысты мешіттерде дәстүрлі Ораза айт намазы оқылмаған еді.


Наурызбай қажы Тағанұлы, Бас мүфти:

Халқымыздың бүкіл Алланың қасиетті үйлерінде жасап жатқан дұға тілектерін қабыл етсін. Алла тағала елімізге, жерімізге тыныштық берсін. Ынтымақ-бірлік берсін. Алла тағала ырыс несібе берсін. Алла біздің елді табиғи апаттардан, бәле жалалардан құтты, берекелі болымызды нәсіп етсін деп тілеймін.


ораза айт

Хабарламаларға жазылу