Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

13.05.2021

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барша қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады. «Рухани тазару мен жаңаруға жол ашатын қасиетті мейрам күллі мұсылман қауымы үшін айрықша маңызды. Рамазан айына жалғасқан бұл жарқын мереке қастерлі дініміздегі мейірім мен шапағат, жанашырлық пен қамқорлық сияқты асыл құндылықтарды дәріптейді. Баршамыз айттан айтқа аман-есен жете берейік! Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке тілеймін» делінген Президент құттықтауында. Сондай-ақ Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та мұсылман қауымын ұлық мерекемен құттықтады. «Ораза айт – бейбітшілік пен бірлікке үндейтін исламның сан ғасырлық қастерлі дәстүрлерінің символы. Мейірімділік, рухани тазару, ізгі істер жасау – барлық ұлт пен дін өкілдеріне тән қасиет. Өзара сыйластық пен келісімге негізделген осы игі дәстүрлерді барынша нығайта беруге шақырамын, - деді Елбасы. 

президент ораза айт

Хабарламаларға жазылу