Ақмола облысында бос жатқан жерлер игеріле бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында бос жатқан жерлер игеріле бастады

17.05.2022

Ақмола облысында қолданылмай жатқан жерлерді игеру арқылы егіс алқабы былтырмен салыстырғанда 57 мың гектарға ұлғайған. Өңірде егіс науқаны енді басталды. Биыл диқандар дән себуге сәл кеш кірісті. Себебі ауа-райы кедергі келітіріп, топырақ жылынбады. Сондай-ақ, ылғал мен жауын-шашын аз болды. Енді диқандар егіс науқаны аяқтала салысымен жаңбыр мол болса деп тілеп отыр. Биыл облыста 5 миллион 100 мың гектар аумаққа дән себу жоспарланған. Оның 4 миллион 600 мың гектарына дәнді дақылдар егіледі. Егін салуға барлығы 16 мыңнан астам техника жұмылдырылған. Өңір диқандары егіс науқанын мамыр айының соңында аяқтауды жоспарлап отыр.

Қасым Итқұсов, Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары:

530 мың тонна тұқым дайындалған. Бұл егіс науқанын өткізуге толық жеткілікті. Облысқа бөлінген 72 мың тонна жанар-жағармайдың 61 мың тоннадан астамы аудандарға жеткізілді. Ендігі міндет қолайлы уақытта, қысқа мерзімде егіс науқанын бітіріп алу керек. Әрине, ылғал аздау. Сондықтан жауын-шашын болады деп үміттенеміз.

Ермек Елберген

Хабарламаларға жазылу