Елімізде егін егу науқаны созылуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде егін егу науқаны созылуы мүмкін

29.05.2015
Елімізде егін егу науқаны созылуы мүмкін

Биыл елімізде егін егу науқаны созылуы мүмкін. Бұл туралы бүгін Ауыл шаруашылығы вице-министрі Сапархан Омаров мәлімдеді.

Оның айтуынша, мамыр айында жауған шауын-шашын жылдық орташа нормадан үш есеге артып отыр.

Осыған байланысты егін егу науқаны созылып, майлы және дәнді дақылдардың кеш пісіп-жетілуіне әсер етуі мүмкін.

Сондықтан, вице-министр фермерлерді астық кептіруге арналған жабдықтарды қамдауға шақырды.

 

 

Айдана ҮСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу