«Балапан» кішкентай көрермендерге қонаққа барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Балапан» кішкентай көрермендерге қонаққа барады

05.02.2016
«Балапан» кішкентай көрермендерге қонаққа барады

Енді, «Балапан» арнасы еліміздің аймақтарында тұратын кішкентай көрермендерге қонаққа барады.

Шара барысында «Балапан» арнасының редакциясына елдің барлық аймақтарында тұратын кішкентай көрермендерден сан-алуан хаттар келіп түсті. Олар хаттарымен бірге  өздерінің суреттерін, шығармаларын қоса жолдап, телеарнаға деген жылы лебіздерін  білдіріп жатыр.

Осы уақытқа дейін арнаның түсірілім тобы Астана, Алматы, Қостанай, Көкшетау және Павлодар қалаларында тұратын кішкентай көрермендеріне қонаққа барып үлгерді. Сол уақытта «Балапан» арнасының шығармашылық тобы   балалардың қуаныштарының куәсі болды. Олар сүйікті арнасымен кездесуді жай ғана күтіп отырмай,  арнайы дайындалған тосын сыйларымен арна ұжымын қуантып та үлгерді.

Әрбір кішкентай бүлдіршіндердің барлық елге өзінің би билеу, ән айту, қызықты әңгімелер айту, сурет салу сияқты өнерімен танымал болуға мүмкіндігі туды. Сонымен қоса, көрермендерді өзінің турып жатқан қаласымен қысқаша таныстырып та жатты.

Осындай шара арқылы әр бала бір сәтке болсын өзі сүйіп көретін арнасының жұлдызы ретінде сезіне алуға мүмкіндік алды.

Еске сала кетейік, аталмыш шараға қатысу үшін 10 ақпанға дейін «Балапан» арнасының редакциясына хат жолдауларыңыз қажет. Сол арқылы телеарнаның ұжымы ең қызықты деген хатты таңдап, сіздерге қонаққа жол тартады.

Хаттарыңызды Астана қаласы, Қонаев к-сі, 4, «Қазмедиа» орталығы «Балапан» арнасының редакциясына немесе balapantv@kaztrk.kz электронды поштаға жолдай аласыздар.

Балаларыңыздың сүйікті арнасын қонаққа шақыру мүмкіндігін өткізіп алмаңыздар.

Хабарламаларға жазылу