Су добынан ел чемпионаты аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Су добынан ел чемпионаты аяқталды

25.03.2014
Су добынан ел чемпионаты аяқталды

Астана қаласында су добынан жасөспірімдер арасында ел чемпионатының үшінші тур ойындары өтті. 4 команда бес күн бойы шеберлік байқасып, жеңімпазды анықтады.

 
Жарыстың қорытындысы бойынша бас жүлдені Тараз қаласының құрамасы иеленсе, екінші орында - алматылықтар. Қола медаль Астана командасына бұйырды. Чемпионаттың үздік ойыншысы Денис Офсейчик атанса, жарыс барысында айрықша өнермен көзге түскен Сұлтан Шонжігітов, Владислав Колесников және Расул Ишмуратов арнайы марапатқа ие болды.
 
Әділ Темірханов, Су добынан Астана клубының аға бапкері:
Су добы жақсы дамып келеді. Олимпиада ойындарына қатысты. Біздің мақсатымыз - жасөспірімдерді Қазақстан құрамасына іріктеу.
 
 
Индира БЕКТЕНОВА

Хабарламаларға жазылу