Есіл ауданының прокуратурасы өндірістік жазатайым оқиғалардың алдын-алуға қатысты шаралар өткізуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Есіл ауданының прокуратурасы өндірістік жазатайым оқиғалардың алдын-алуға қатысты шаралар өткізуде

30.09.2014
Есіл ауданының прокуратурасы өндірістік жазатайым оқиғалардың алдын-алуға қатысты шаралар өткізуде

Астана қаласының Есіл ауданының прокуратурасы құрылыс нысандарында өндірістік жарақаттанудың алдын-алу және ескерту мәселелері бойынша шаралар жүргізді, деп хабарлайды Есіл ауданы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Елордада құрылыс жұмыстары қарқынды жүзеге асырылуда. Бұл ретте, Астана аумағында жазатайым оқиғалар саны артқан.

Жазатайым оқиғалардың бірден-бір себебі - жұмысшының қарапайым техника қауіпсіздігін сақтамауында және жұмыс берушінің өз тарапынан қатаң бақылауда ұстамауында.

Осыған орай, Астана қаласының Есіл ауданының прокуратурасы Астана қаласының Еңбек инспекциясы басқармасымен бірлесіп, мобильді топ құрып, құрылыс мекемелерінің еңбек ұжымдарында техника қауіпсіздігін сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Жуырда аудан прокуроры Б.Б. Мажренов пен Астана қаласының Еңбек инспекциясы Басқармасының орынбасары К.З. Ысқақов «Стройастес» және «BI Group» ЖШС-нің еңбек ұжымдарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында ҚР Еңбек кодексінде қарастырылған жұмыс берушінің басты құқықтары және міндеттері, қауіпсіздік ережелерін сақтау тәртіптері  бойынша түсініктеме берілді. Сондай-ақ, шарада азаматтардың еңбек құқығын қорғау үшін аудан прокуратурасының сенім телефондары жазылған ескертпелер таратылды.

Хабарламаларға жазылу